Басты жаңалықтар Мәселе

Сайлау — елді біріктіру керек

Жуырда Түркістан облысының бірнеше аудандарында ауылдық округ әкімдері сайланды. Сайлаудың мақсаты – елге жаны ашып жұмыс істейтін әкімді жергілікті халықтың өзі бірлесе отырып таңдау болатын. Алайда, бүгінгінің сайлауы елді біріктірудің орнынан бірлігін қашырып жатқан секілді. Тіпті, жақын ағайындар арасында да жік түсуде.   Өткен жексенбіде Шардара ауданы Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі сайланды. Естуімше үш үміткер […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

 Шымкентте қатеден көз сүрінеді

Шымкент қаласының жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын көріп, көңілің өседі. Дегенмен кейбір келеңсіз жайлар әлі де бар. Мысалы, көше атауларында, көрнекі құралдарда, жарнамаларда өріп жүрген қателерге ешкім де көңіл бөліп, ойланбайтын сияқты. Солардың бірқатарын ғана атап өтейік. Жерлесіміз – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов атындағы көшенің кейбір үйлерінде «Н.Төреқұлова» деп қате жазылған. Тағы […]

Мәселе

Ақсуға араша керек!  

Таяуда Сайрам ауданына жолымыз түскен еді. Сонда Ақсу өзенінің қазіргі күйін көріп уайымдап қалдық. Анығын айтқанда, Ақсу аңғарынан құм мен қиыршық тасты қазып алуда күндіз-түні тыным болмайды екен. «Бұл көптен бері жүріп жатқан жұмыс. Тас пен құм таситын жүк көліктері жолымызды да майқандап бітті. Бұлар Ақсудың арнасын тереңдетіп, кеңейтіп те жатыр. Өзен суы биыл жылдағыдан […]

Біле жүріңіз Мәселе

«ГОРИЛЛА» СЕРГІТПЕЙДІ…

                    Бүгінде кез келген сауда нүктесінен «Горилла», «Ред-булл» сияқты энергетикалық сусынның түр-түрін табуға болады. Өйткені оны тұтынушылар көп. Себебі ол адамды тез сергіткендей, зейінін арттырғандай, қуаттандырғандай болады. Сондықтан жұртшылық оны қажет кезде ұйқыны ашу үшін, шаршауды басу үшін ішеді. Дәрігерлер энергетикалық сусынды әсіресе жастардың жиі ішетінін, фаст-фудтарды көп жейтінін, мұның денсаулыққа зиянын тигізетінін […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Жетісайда мемлекеттік заң маңызды емес пе?

 Ел экономикасының дамуында инвесторлардың үлесі зор. Алайда, олардың жұмысы жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізбеуі одан да маңызды. Ұлт саулығының маңызы жайлы Мемлекет басшысы өз жолдауында арнайылап тоқталғаны көзі қарақты оқырманға мәлім. Өкінішке орай, кей аудандарда ұлт саулығын жақсартудың орнына, кері әрекеттер орын алуда.   «…Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау […]

Басты жаңалықтар Мәселе

ҚАРАСУДА НЕГЕ СУ ЖОҚ?

ҚОЛДАН ЖАСАЛЫП ОТЫРҒАН ҚУАҢШЫЛЫҚҚА ХАЛЫҚ НАРАЗЫ БОЛЫП ШУ ШЫҒАРУДА Билік мұны естір емес. Неге? Редакциямызға Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылының тұрғындары хабарласты. Еккен егіндері шілденің аптап ыстығы кезінде қурап қала ма деп уайымдап отыр. Біраздан бері ауылға су келмеген екен. Мәселеге көз жеткізу үшін біз Қарасуға барып, тұрғындарын сөзге тарттық. Бұған Түркістан кінәлі […]

Құқық Мәселе

АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР

Өткен бір апта ішінде қаладағы тіркеу органдарының өндірісінде  жалпы 180 қылмыстық іс тіркелген. Олардың 11-і сотқа жолданған. Жиі тіркелетін іс – алаяқтық пен ұрлық. Тонау оқиғаларына, жол-көлік оқиғаларына қатысты істер де азаймай тұр. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі-әкім орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.   Алаяқтықтың негізгі тәсілдерінің […]

Басты жаңалықтар Мәселе

ТЕРІ МЕН ЖҮННІҢ КИЕСІ ҰРЫП ЖҮРМЕСІН!

Қасиетті Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Бұл күндері құрбандыққа мыңдаған малдың шалынатыны мәлім. Осындайда санаға «сойылған осынша малдың терісі тағы да ысырап болады-ау» деген көңілсіз ойдың келетіні де рас. Өйткені бүгінде осыдан бірер жыл бұрынғыдай жалаңдап тері жинайтындар да, сойылған малдың терісін өткізетін жерлер де жоқ. «Сасытып-шіріткенше…» деп теріні өртеп жіберіп жатқандар бар. Өртемей […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Мемсатып алудың «Шымкентше варианты» бар ма?

Жоқ! Мемлкеттік сатып алу мәселесі десе бірден-ақ мұнда да «Шымкенттік вариант» деріңіз мүмкін. Алайда, мәселе сіз ойлағандай емес екен.Шымкенттің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг болып өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алексей Колосков, Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы […]

Басты жаңалықтар Құқық Мәселе

Әлеуметтік желі шексіз мүмкіндік. Бірақ, шексіз еркіндік емес

–Айжан Өмірзаққызы, елімізде азаматтардың жеке өмiріне қолсұғуға, олардың дербес деректерін таратуға тиым салатын заң бар. Бірақ, әсіресе, әлеуметтік желіден байқап жүргеніміздей, аталған заң талаптары жиі бұзылады. Тіпті «Пәленше-парақор», «Түгенше-қылмыскер» дегенді сот үкімі шықпай жатып-ақ жариялап, жазып жататындар көп. Мұндай келеңсіздіктің кең етек жаюы дер кезінде жауапкершілікке тартылмауынан да шығар бәлкім… Сіз қалай ойлайсыз? –Жалпы, әлеуметтік […]