Басты жаңалықтар Мәселе

Түркістан:Құрылыстағы қырсыздық үшін – 290 млн теңге айыппұл

Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасына бақылау күшейді. Былтыр дәл осы құрылыс жұмыстарының сапасын таразыға салған мамандар жоспардан тыс 416 тексеру жүргізген. Қорытындысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, 950 хаттама түзілген. Сол кезде салынған 290 млн теңге айыппұлдың қазірге дейін 262,7 млн теңгесі өндірілді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылған осы дәйектер […]

Басты жаңалықтар Мәселе

«Ақбикеш» қалпына келтіріледі

Мән-жай            Бұған дейін әлеуметтік желіде айтылғандай, «Ақбикеш» мұнарасының бір қабырғасы құлап, кесене бүлінген еді. Бұған жергілікті билік биыл, қаңтардың 25-26 күндерінде теріскейдегі ауа райының қолайсыздығы себепші болғанын алға тартты. Сол күндері қар аралас жаңбыр жауған. Кесене Түркістан облысы Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында орналасқан. Бұл мұнара өңір тарихындағы ең көне жәдігердің бірі. Тарихшы-археолог мамандар бұл […]

Құқық Мәселе

Шымкенттегі тойханаларда оқушылар неге жүр?

           Қайбір күні тойға барғанмын ғой. Элиталы тойхана. Той иесі де қарапайымдар қатарынан емес. Ондай жиында ығай мен сығайдың көп болатыны түсінікті. Еліміздің беткеұстар азаматтары аз жиналмады. Бірақ, менің айтпағым бұл емес еді…          Тойханада қонақтарға қызмет етіп жүрген даяшылар он екіде бір гүлі ашылмаған, уыздай қыз-жігіттер екен. Дастархандағы азын-аулақ ас қалдықтарын тез-тез жинап, […]

Мәселе

КЕНТАУДА ТӘРТІП БҰЗҒАНДАР КӨБЕЙГЕН

  Жолдағы апат санын азайту үшін заң қатайып, айыппұл көлемі артуда. Көше мен үлкен жолдарда жылдамдықты бақылайтын камералар көбейген. Ол аз болғандай, 4 желтоқсаннан бастап жаңа заң күшіне енді. Енді жолдағы камераға жылдамдықты асырып түспегеніңізбен, бір қаладан екінші қалаға белгіленген уақттан ерте барсаңыз да айыппұл артыңыздан келе береді. Мұның бәрі қазынаға түсіп жатқан қаржыны көбейту […]

Мәселе

Жаңа жыл қарсаңында өрттен сақ болайық!

  Жаңа жыл мерекесіне де санаулы күндер қалды. Бұл мерекенің отшашусыз өтпейтіні белгілі. Базар мен дүкендерді аралай қалсаңыз пиротехникалық бұйымдардың неше түрін көресіз. Бір өкініштісі, сол бұйымдарды пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаса соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Пиротехникалық бұйымдарды жас балалардың ойнауына жол бермеу керек. Жаңа жыл мерекесін барлық мекемелер мен ұйымдар үлкен шырша алдында […]

Мәселе

Есірткі – оқушыларға да «қармақ салуда»

    Соңғы кездері жастар арасында, әсіресе мектеп оқушыларының есірткіге тәуелділігі артып барады. Нашақорлық – аса қауіпті де қасіретті дерт. Сондықтан мұны бір адамның немесе бір отбасының басына түскен қиындық деп қарамауымыз керек. Жаман әдет жұққыш келеді демекші, көршінің баласы немесе перзентіңнің сыныптасы, тағы басқа ортадағы біреу есірткі тұтынса бұл барлығымыздың баламыз үшін қауіп. Сондықтан мұны тұтастай […]

Мәселе

Шымкентте ит қаптап кетті

 немесе «Адал достар» қауіпті болып барады Қазақ жеті қазынаның қатарында атаған, адамның адал досы деп бағаланған – иттер қазір қалада нағыз қауіп иесі болып барады. Нақтырақ айтқанда, қаңғыбас иттерден келер қауіп көбейіп тұр. Бүгінде қала басшылығы көп жыл бұрын жекешелендіріліп кеткен нысандарды мемлекетке қайтару ісіне жең түре кіріскен. Мұнысы тұрғындар тарапынан қолдау табуда. Дейтұрғанмен осындай […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Ішкеніміз — ірің, жегеніміз – желім…

     Шекарадағы жемқорлықты жоймай, жағдай түзелмейді Биылғы оқу жылы басталысымен Маңғыстауда 400-ге жуық оқушы уланды. Бұл жұртшылықтың жағасын ұстатқан жағымсыз жәйт еді. Ал елде одан да басқа біз білмейтін қаншама денсаулыққа зиянды сусындар мен тәттілер, тағамдар тәнімізді тынбай улап жатыр. Бұл туралы ешқандай нақты мәлімет жоқ және ондай мәлімет жинаумен ешкім айналыспайды. Айналысқан жағдайда […]

Мәселе

Бір дәрі үшін ұзаққа сандалу тиімсіз

   Бүгінгі қоғамда денсаулығында кінәрат болып, медициналық тіркеуде тұратын азаматтар аз емес. Оларға мемлекеттен тегін дәрі-дәрмек беріледі. Бірақ ауруларға тиесілі сол тегін дәрінің өзі бүгінде әлдекімдердің «бизнесіне» айналған секілді. Бұрын сырқаты бойынша дәрігерлік тіркеуде тұратындарға, ауылда болсын, қалада болсын тұрғылықты жердегі медициналық мекеме арқылы дәрі берілетін. Ол әсіресе шалғай ауылдардың адамдары үшін тиімді еді. Соңғы […]

Мәселе

Ас ақысын баланың атына аудару керек

Шыны керек, бүгінде тәрбие ошағы саналатын білім ордаларында төбелес, әлімжеттілік белең алған. Ал оқу жылы басталысымен Маңғыстау облысында жүздеген баланың мектеп асханасының тамағынан уланып қалғанын естігенде жағамызды ұстадық. Мектеп асханасынан баланың улануы сұмдық жағдай ғой. Демек, онда қадағалау сапасы төмен деген сөз. Ал ата-аналар асхана жағдайымен танысайын десе, кіргізбейді. Сол себепті біз ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің не […]