немесе Заңдар орындалуымен маңызды –Шырынбек Сусынұлы, сіз ұзақ жыл ішкі істер саласында жемісті қызмет атқарған, полиция полковнигі шеніндегі азаматсыз. Қатардағы тергеушіден бастап полицияның полициясы, яғни ішкі істер департаментінің өзіңдік қауіпсіздік басқармасын басқардыңыз. Отставкіге шыққаныңызға да біраз болды. Елдің басты телеарналарынан белгілі бір мәселеге орай заңгер сарапшы ретінде жиі көріп қаламыз. Жалпы, сіз қазір қайда жүрсіз? […]
Басты жаңалықтар
Түркістан облысында оқушы қыздарды кім зорлап жүр?!
Немесе Мектеп перзентханаға айналмасын десек… Атам қазақ «тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді бекер айтпаған. Егер тәрбиенің маңызы болмаса: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі», – дегенді әл-Фараби бабамыз айтпас еді. Бірақ сол бабалардан келе жатқан өсиет бүгінде ұмыт қалып барады. […]
Қаржылық сауаттылық дегеніміз не?
Жалпақ жұртқа бұл тақырып төңірегінде түсінік, ақпарат беру үшін журналистердің өзі де мән-жаймен, мәліметпен қаруланып алмағы керек-дүр. Міне осыны мақсат тұтқан, Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы Шымкентке келіп, «ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ” семинарын өткізді. Қордың серіктесі ретінде Halyk Bank -тің Шымкент филиалы өз ғимаратынан журналистер үшін машықтану алаңын беріп қана қоймай, банк ісіндегі ақпараттық […]
Ішкеніміз — ірің, жегеніміз – желім…
Шекарадағы жемқорлықты жоймай, жағдай түзелмейді Биылғы оқу жылы басталысымен Маңғыстауда 400-ге жуық оқушы уланды. Бұл жұртшылықтың жағасын ұстатқан жағымсыз жәйт еді. Ал елде одан да басқа біз білмейтін қаншама денсаулыққа зиянды сусындар мен тәттілер, тағамдар тәнімізді тынбай улап жатыр. Бұл туралы ешқандай нақты мәлімет жоқ және ондай мәлімет жинаумен ешкім айналыспайды. Айналысқан жағдайда […]
Отбасын сақтай алмай жүріп…
халықтың аманатын қалай арқаламақ? Еліміздегі жетекші партияның бірі «Ауыл» деп аталуы кездейсоқтық емес. Халықтың аманатын арқалап, мұң-мұқтажына назар аударып, елге еңбек етуді мақсат еткені түсінікті. Ендеше бұл партияның атына заты сай болуы, халық үдесінен шығуы үшін әрбір мүшесінің мінез-құлқы, тәртібінен бастап қоғамдағы, отбасындағы орны, өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеті бақылауда болу керек. Бір сөзбен айтқанда, […]
КЕЛЕСТЕГІ ҚАНДЫ ОҚИҒА
себеп-салдары қандай? Өткен аптада Келес ауданындағы жантүршігерлік қанды оқиға естіген елді дүр сілкіндірді. «Мектеп мұғалімі оқушы қызды зорлап, қызды да анасын да айуандықпен өлтіріп кетті» деген сөз ел арасына тез тарады. Екі адамның жауыздықпен өлтірілгені шындық. Осынау жауыздыққа себепші болған не? Қылмыскер ұсталды ма? Ұсталса қолымен істегенін қалай түсіндіруде? Көптің көкейіндегі көп сауал осыған саяды. […]
Ешкім тендер үшін «откат» алмайды
Осылай деген қала әкімі «нәтижесінде қалада жол жөнделіп, саябақтар салынып жатыр» деді. Мәселенің мәнісін сәл кейінірек айтармыз. Әзірге… Аумақтарда өтіп жатқан тұрғындармен кездесуде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың назар аударуын өтінген көптеген талап-тілектер, өтінішер болуда. Жылдар бойына шешімін күткен кей мәселелерді тұрғындар ашына отырып жеткізеді. – Мен орынды айтылған сынды әрқашан дұрыс қабылдаймын және нәтиже шығаруға […]
Іздеушің болмаса құның көк тиын…
Бұл дәрігерлер арасында қалыптасқан қауіпті құбылыс Қазір көпшіліктен қай саланы қай министр басқарып отырғаны жайында сұрай қалсаңыз, дені басын қисайтып, иығын көтеріп, білмейтінінің ишарасын білдіреді. Бұған мемлекет мүддесі, халық қамы үшін жанын салып жұмыс істемейтін министр кінәлі ме, әлде саяси сауаты төмен халық кінәлі ме? Біздіңше халықта кінә жоқ. Елге Жұмабек Тәшеновтай, Ілияс Омаровтай, Асанбай […]
ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДІК БЛОГЕРЛЕР КЕЛДІ
Қаланың имиджін арттыру арқылы туристердің санын көбейтудің бірден-бір жолы – туристік нысандарды жарнамалау. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен өткен 3 күндік іс-шараға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Латвия, Мысыр, Өзбекстан, Қырғыз және еліміздің бірқатар өңірінен келген 30 travel-блогер қатысты. Олар Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерін, Қошқар ата өзенін, Сейітжан Қари мешітін, Дендропарк […]
Тұраннан жаңа ХҚКО ашылды
Шымкент қаласының Тұран ауданында жаңа цифрлық ХҚКО қызмет көрсете бастады. Бұл – мегаполистегі халыққа қызмет көрсететін сегізінші орталық. Мұнда аудан тұрғындарына 1200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, Шымкент қаласында жаңа Тұран ауданы құрылуына байланысты жаңа ХҚКО ашу қажеттілігі туындады. Цифрлық кеңсе заманауи құрылғылармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген: […]









