Біле жүріңіз

Қалжа – тағам ғана емес, тәрбие институты

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде ұлттың өміршеңдігін сақтаған құндылықтардың бірі – ана мен балаға деген ерекше қамқорлық. Соның айқын көрінісі – қалжа беру дәстүрі. Көпшілік қалжаны босанған әйелге сойылатын қой деп қана түсінеді. Алайда этнографиялық тұрғыдан қарағанда, қалжа – жай ғана тағам емес, ол ана денсаулығын қалпына келтіруге, ұрпақтың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әрі медициналық […]

Әлеумет

Баланың тұсауын кімге кестіріп жүрсіз?

Бүгінде халқымыздың бабадан мұра боп жеткен өнегелі салт-дәстүрлерінің көбі өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауда. Көп адам олардың түпкі мәніне зер салмай, үйреншікті, жаттанды болғандарын кәдеге жаратып жүр. Осы жағы ойландырады. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін жүрген жерімізде, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде бұған қатысты танымдық деректерді жиірек айтып, жариялап тұрған дұрыс болар еді. Мысалы, қазіргі күндері халқымыздың […]

Құқық

Сәкен АБСАМАТОВ, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

АЖЫРАСПАС БҰРЫН ПСИХОЛОГТІҢ МІНДЕТТІ КЕҢЕСІНЕ ЖҮГІНСЕ ЕКЕН – Жылдың қай мезгілінде болмасын балалардың жеке бас қауіпсіздігі маңызды. Онымен отбасы мүшелері, мұғалімдер мен арнайы орган қызметкерлері айналысады. Ал бұл мақсатта сот саласы өз тарапынан қандай үлес қосуда? – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, әрбір баланың білім алуы, дамуы мен әл-ауқаты […]

Мәселе

Ата-әже — жайлы өмір, немере — телефон іздейді

Немесе ұрпақтар сабақтастығы үзіліп бара ма? Таяуда Сауран ауданына жолымыз түсіп, сондағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болдық. Мамандарының айтуы бойынша орталық күнделікті бірнеше ондаған адамға қызмет көрсетеді екен. Яғни зейнеткер қарияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмектеседі. Біз осындағы массаж кереуетінің қызметін пайдаланып жүрген Қатира есімді кейуананы сөзге тартып көрдік. Кейуана орталықтың қызметін, көмегін, қызметкерлерінің жақсылығын […]

Әлеумет

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕН ҰҒЫНДЫРУ КЕРЕК

Кешегі аптада көпшілік бас қосқан бір жиында болған едік. Өзгенің қиындығын өсектеу тілге жеңіл емес пе, бір кісіден «бауырларының бәрі ажырасқан, өзі сүмірейіп әйелінің айтқанынан шықпай жаны қалып жүр» деп бір құрдасы жайлы айтқан жайсыздау әңгіме естідік. «Бала кезден бірге өстік, білем ғой. Әкелері ішімдікке құмар еді, тойып алып, әйеліне күн бермейтін. Сондай отбасында өскен […]

Әлеумет

ӘМЕҢГЕРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Ата-бабалардан бүгінгі күнге жеткен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда ішінара сақталса да жария етіле бермейтін дәстүрлерінің бірі – әмеңгерлік. Яғни, күйеуі қайтыс болып, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса күйеуінің ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қағида ерте заманнан «әйел ерден кетсе де елден кетпейді» деген нақыл сөз ретінде қалыптасқан. Әлеуметтік желіде әлдекімдер […]

Мәдениет және өнер

ЕНЕ — ЕСТІ, КЕЛІН — КӨРГЕНДІ БОЛСЫН!

Шымкенттегі «Концерттік – Көрме орталығында» «Есті ене, көргенді келін» байқауы ұйымдастырылды. Қаланың барлық аудандарынан өнегелі аналар мен келіндер қатысқан байқау қызықты өтті. Қатысушылар ұлттық тәрбиеміздің көпшілікке ой салып, тәлім болатын үздік үлгілерін көрсетіп жиналған көрерменді сүйсіндірді. Байқаудың басты мақсаты да осы – отбасы тәрбиесіндегі сабақтастықты насихаттау, ұлт құндылықтарын дәріптеу. Ал мұның дәл қазіргі кезде аса […]

Әлеумет

106 жастағы Қызтай  әже әдемі қартаюдың өнегесін көрсетіп жүр

Иә, 106 жыл өмір сүру жүз мың адамның біреуіне ғана бұйырады. Екі ғасырдың куәгері болған әжем өзінің әр батасында ел мен әулеттің амандығын, Алладан халқымызға иман, басшыларға сабыр тілеп отырады. Ғасыр жасаған әжеміздің ақ батасы қабыл болғай! Қызтай Қайназарқызы 1920 жылы Шымкенттің маңындағы Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1930-40 жылдардағы ашаршылық пен соғысты бастан кешірген зұлмат […]