Шымкент мешіттері төңірегінен қайыр-садақа сұрап алақан жайып жүретіндерді жиі көретін болдық. Бала көтерген әйелдер мен жас келіншектер де көзге шалынады кейде. Әсіресе жұма намазы, айт намазы күндерінде қарасы артатын оларды көргенде көңілің пәс тартады. «Арасында қайыршылықты кәсіпке айналдырып алғандар бар» деген сөз де ойландырып қояды. Кей халықта садақа жинау, қайыр сұрау дәстүрі бар деп айтылатыны […]
Шымкент
Шымкентте кенеге қарсы дәрі себілуде
Шымкент қаласы әкімінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұқаралық ақпарат құралдарына арналған кезекті брифингін өткізді. Брифинг қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларындағы өзекті мәселелерге арналды. Мал қалай өсіп жатыр? Қала әкімі орынбасарының сөзінен белгілі болғанындай, бүгінде Шымкентте аумағы 208 гектардан асатын жерде еліміздегі ең ірі жылыжай құрылысының бірінші кезеңі жүріп жатыр. Инвестор – […]
«Босқа уәде бермеңдер!»
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков қоластындағы қызметкерлеріне осылай деп тағы да ескерту жасады. Аппараттық мәжілісте қала басшысы мемлекеттік қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырып, «халыққа құрғақ уәде беруді тоқтатыңдар. Уәде береді екенсіңдер, оны орындаңдар!» деді. Аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасары С.Құранбек мегаполистегі қоғамдық саяси ахуал туралы баяндады. Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаева мектепке дейінгі ұйымдардың жағдайы […]
ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ САБАҚ БАСТАЛДЫ
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан білім ұяларының алғашқылары пайдалануға берілді. Біріншісі «Нұршуақ» шағынауданында бой көтерді. 2000 орындық жаңа білім беру мекемесіне қазір 1130 оқушы қабылданған. Ал, «Қарабастау» тұрғын алабындағы 1200 орынды мектепте 950 бала білім алып жатыр. Осылайша жайлы мектептердегі сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталды. Заманауи мектептерде […]
Демалушылар демеуші болуда
Шымкенттің басты қонақжайлық нысаны – А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағы екені даусыз. Қала тұрғындары мен қонақтары осы саябақты аралағанды жақсы көреді. Жанға сая, саф ауа сыйлап қана қоймай, бұл жерден ағаштың көптеген түрімен танысуға болады. Жанына жайлылық пен салауаттылық өмір салтын серік еткендер таң атпай дендросаябақта серуен құрғанды әдетке айналдырғалы қашан. Енді міне, сондай […]
Бозарыққа газ берілді
Шымкент қаласы әкімінің қала тұрғындарын өтініштері бойынша қабылдауына азаматтар көп жиналады. Көбіне тұрғындар әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін, баспана, жер телімдерін заңдастыруға қатысты түйіткілдерін алға тартады. Әрине, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, білім беру салаларына қатысты да мәселелерді жеткізетін азаматтар аз емес. Әсіресе, қаланы абаттандыру, көшелерді асфальттау және заңсыз құрылыс нысандар туралы да талап-тілектер көп. Жуырда […]
Тағы бір ауылға газ жетті
Мегаполис болса да Шымкентте ауыл кейпіндегі тұрғын алабтар жетерлік. Көбі қала орталығынан шалғай орналасқан. Десе де орталыққа жақын болса да коммуналдық инженерлік жүйелердің шарапатынан құр қалып келгендері де баршылық. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әкім болып тағайындала салсымен сондай ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаған болатын. Көбі «қалада тұрсақ та әлі күнге көмір жағып, күл […]
Тұрғындарды тыңдап жүр
Еліміздегі үш мегаполистің бірі болғанымен, Шымкенттің өзіне жетерліктей мәселесі баршылық. Әсіресе, жаңадан бой көтерген шағынаудандарға қатысты коммуналдық қызмет түрлеріне байланысты мәселе шаш-етектен. Мұның бәрін де қала басшысы білмейді деуге келмейді. Күн сайын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бекітілген кестеге сай қаладағы барлық ауданның елді мекендері мен шағын аудандарын аралап, тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдап жүр. […]
Уәдеге берік болыңыздар!
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарына осылай деп ескертті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда білімді ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиелі әрі дені сау болуы – ұлттың ең қымбат байлығы екендігін жиі айтады. Президент тапсырмасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – үкіметтік деңгейде қолға алынған. Бұқаралық спорт […]
Сенбілік саябырсымайды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында Шымкент қаласындағы барлық ауданда сенбіліктер өтті. Қала көшелерінде шөптерді ору, қураған тал-бұтақтарды қырқу, ирригациялық жүйелер мен аулаларды тазалау, сыпыру, ойын алаңшаларын ретке келтіру, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қоқыс алаңшаларын жуу жұмыстары атқарылды. Сенбілікке аудан әкімдік, коммуналдық сала қызметкерлері, үй басқарушылары, кәсіпкерлік нысан иелері және […]









