Әлеумет Басты жаңалықтар

Шымкентте студенттік 60-тан аса жатақхана бар

Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг өткізілді. Қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек Шымкенттегі қоғамдық-саяси ахуалға қатысты  бірқатар жайларды баян етті. 78 грантқа конкурс жарияланды Шымкент қаласы әкімдігінің биыл да мектеп түлектеріне арнап 285 грант бөлгені мәлім. Осыған қатысты конкурс нәтижесі шыққан.  Гранттардың 207-сіне үміткер табылып, талапкерлер тізімі бекітілген. […]

Басты жаңалықтар Құқық Шымкент

Шымкент жемқорлардан тазарып жатыр ма…

әлде олардың қатары көбейген ба?    Жемқорлық – біздің қоғамның өзегіне еніп, әбден орнығып алған дерт. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері шарықтап «дамып» кеткені соншалық, бүгінде оны түбегейлі жеңе алатынына жұрт сенбейді. Мысалы, кезінде Мәжіліс депутаты болған, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденовтің аузынан шыққан «Шымкент – жемқорлықты тоқтатқан Қазақстандағы алғашқы қала», «Шымкентте мемлекеттік […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Үшем туған әйелге баспана берілсе…

  Жуырда Шардарада ауданының Жаушықұм ауылында жыл басынан бері екінші отбасында үшем дүниеге келді. Дүниеге үшем әкелу көп ананың арманы екені анық. Ал Орынкүл Нұрабаева осы үшемді өмірге әкелу арқылы 11 сәбидің анасы атанғанда қызыға қарағандар көп болыпты. Дегенмен, көп баланы өсіріп-жетілдіру оңай емес. Бүгінде өмірлік жолдасы Серік Ешмұратовпен екеуінің тәрбиесінде 8 бала бар. Үлкен […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Украинадағы соғыс ушығып тұр

 Әлем және Біз         Соғыстың жүріп жатқанына 3,5 жылдан асты. 2014 жылғы Донбасстағы қақтығыстардан бастап есептейтін болсақ, тіпті 12-ші жылға созылып барады… «Алғанымды қайтармаймын» дейді Таяуда Аляскада өткен АҚШ пен Ресей басшыларының кездесуінде В.Путин Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресейдің қандай талаптар қоятынын тағы да қайталады. Олар мынадай: Соғысты тоқтату үшін Украина өзінің Донбасстағы және Запорожье […]

Басты жаңалықтар Құқық

9,7 миллион теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 9 717,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақтылығын растайтын құжаттардың болмауы немесе тиісті түрде […]

Басты жаңалықтар Құқық

Полиция дронмен жүр

Бұл тәсіл Шымкентте өз нәтижесін беруде. Әсіресе, экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға тәртіпбұзушылықтың алдын алуға дронмен бақылау жасау әдісі мол мүмкіндік беруде екен. Осылайша полиция қызметкерлері қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға үлес қосуда.   Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда. «Таза қала» акциясы аясында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізуде. Экологиялық тәртіпті сақтауға, көріктендіру […]

Басты жаңалықтар Білім, ғылым

  «Грантты» тегін деп қалмаңыз…

                             Оны өтеудің өз талаптары бар Оның тәш-пүші де аз емес. Десе де дәл қазіргідей жағдайда баласын ақылы негізде оқыту қарапайым қазақстандық үшін өте ауыр. Сапалы білім беретін университеттерде оқу ақысы тым жоғары. Оған жатақхана ақысын, күнделікті ішіп-жемін қоссаңыз бір баланы оқытуға жылына неше миллион кететінін бағамдай беріңіз. Сондықтан да баласының мемлекеттік грантқа іліккеніне […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Ақмарал – ең сұлу әйел!

     Шымкент қаласындағы Абай атындағы кітапхананың №11 бөлімше меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенованың есімі өңірдегі зиялы қауым мен руханиятқа жақын жамағатқа жақсы таныс. Сол Ақмарал Абайдың 180 жылдық мерейтойынан ел мерейін көтеріп жүлдемен оралды. Не жүлде дейсіз бе? Айтайық… Ұлы ақынның мерейтойлық іс-шарасы Абай облысында он күнге жалғасты. Әр күн сайын өнер сайысы, рухты көтерер байқаулар ұйымдастырылды. […]

Әлеумет Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

 «СВЕТ» НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

Өткен шілденің аптап ыстық күндерінде Шымкентте электр қуатымен қамтамасыз етуде біраз шектеулер орын алғаны мәлім. Ол қала тұрғындарының тоңазытқыш, желдеткіш сияқты құрылғыларын жаппай қолдануымен түсіндірілді. Яғни электр желілеріне қалыптан тыс салмақ түскендіктен біраз апаттар болған. Осындай оқыс жайлардың алдын алу үшін бірқатар шағын аудандарда электр жарығы жоспарлы түрде бір-екі сағаттан сөндіріліп тұрды. Мұндай жайлар, әрине, […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Балықты қорғаймыз деп халық зардап шекпеуі тиіс

   Биыл ауа райының құрғақ болуына байланысты судан тапшылық көп сезілуде. Суы қанша мөлшерде азайса да арнасы дәл бүгінгідей кеппеген Сырдария өзенінің бойындағы Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Арыс аудандарының диқандары қатты қиналып отыр. Ала жаздай қанып су ішпеген егіс өнім бере ме деген ой маза бермейді. Сырдариядағы судың азаюы «Шардара» су қоймасындағы ахуалды бұрын соңды болмаған […]