Шымкент

«Мектеп керек!»

Абай ауданының тұрғыны М.Төлегенова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде осылай деп мәселе көтерді. Тұрғынның талап-тілегін ескерусіз қалдырмаған қала басшысы есептік кездесуден кейін айтылған аумаққа – «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Қала басшысына тұрғындардың өтінішін жеткізген М. Төлегенованың айтуынша жыл сайын халық саны артып келе жатқан елдімекенде […]

Шымкент

Еңбек адамдары құрметке бөленді

Қыркүйектің соңғы жексенбісі елімізде – Еңбек күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Шымкентте «Еңбекпен өткен өмір – ұрпаққа үлгі» атты салтанатты жиын өтті. Шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар әрдайым құрметке лайық екенін жиі айтады. «Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік […]

Шымкент

«Халық қатысатын бюджеттің» берері көп

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласында 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып келеді. Жобаның мақсаты жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардан өтінімдер әр жылдың қаңтар айының […]

Қоғам Шымкент

Инфрақұрылымдарды жақсарту басты назарда

Шымкентте қазір жол жөндеу жұмыстары қыза түскен. Инфрақұрылым жүйесін жақсарту, әсіресе, шалғай шағынаудандар мен елді мекендерді абаттандыру мәселесі басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде үкіметке тапсырма берген. Бұл тапсырманың Шымкент қаласында орындалу көрсеткіші жақсара түскен. Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы Шымкент […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Еңбектің берекесін көріп отыр

Еңбек адамына деген құрмет қоғамда қалыптасып-ақ келеді. Масылдықты малданбай, маңдай терімен нәпақа тауып жүрген отбасылар Шымкентте көбейе түскен. Ал олардың еңбегін бағалау, қоғамда өз еңбегімен жетістікке жетіп жүрген азаматтарды қолдау тұрғысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасы бар. Қалалық әкімдіктің бастамасымен қарапайым еңбек адамдарын елге таныту, кәсіптеріне қажетті мемлекеттік қолдау қажет болған жағдайда арнайы бағдарламалардың […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Бақытты отбасы қандай болу керек?

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі қолға алған жаңа жоба осы сұраққа жауап табуға көмектеседі. «Бақытты отбасы – бақытты жан» жобасының басты мақсаты да сол, отбасы татулығын арттырып, жанұялық құндылықтарды өміршең етуге, отбасындағы әр адамның өз құқығы мен міндетін қалыптастыруына көмектесу. Бұл орайда сізге заңгер маман да, психолог […]

Шымкент

Жаңа әкімге артылған сенім үлкен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөнінде үкметтік деңгейде арнайы жобалар қолға алынып, аймақтарда оны негізге алған әркеттер басталып та кетті. Жолдауда айтылғандай, экономикалық өсімге, инфрақұрылым мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жаңа экономикалық саясатты іске асыру маңызды болып тұр. Нәтижесінде халықтың тұрмыс сапасы артатын болады. Инфрақұрылымдардың бүгінгі […]

Шымкент

Тұрмысты жақсарту – қаланы көркейту 

Қазақстандықтардың тұрмысы түзеле түсуі керек. Ол үшін аймақтардағы барлық деңгейдегі әкімдер жайлы орта қалыптастыруға жауапты. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биік мінберлерден жиі айтып-ақ жүр.        Жарық Жақында ғана Президент өзінің халыққа арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында халықтың тұрмыстық түйіткілдері, әсіресе коммуналдық қызмет түрлерінің сапасын арттыру мәселесін қозғады. Онда су электр станцияларын […]

Шымкент

Шаруаларды қолдау қажет

Істің көзін тапқан жандар Шымкентте аз емес. Солардың бірі — Шербек Қоюпов. Ол «Асар» шағынауданында тұрады. Осыдан он үш жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген қандасымыз мемлекеттік бағдарлама арқылы үйлі болған. «Асарда» салынған баспаналардың ерекшелігі сол, әр үйдің ауласында жылыжай бар. Әр отбасы сол жылыжайда көкөніс өсіріп, кәсібінің нәсібін көруге тиісті. Шербек мырза да солай етті. […]

Басты жаңалықтар Шымкент

Шымкент: Тұрғындар талабы орындалуы керек

Кеше ғана ел тұрғындарына Жолдау арнаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғасатынын атап айтты. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды. Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар […]