Мәселе

ҚАРАЛЫ ШАҢЫРАҚҚА САЛМАҚ САЛУ ДҰРЫС ПА?

Жақыны қайтыс болып, қайғы жұтып жатқан үйде жаназа күні тамақ берілмейді. Бұл пәтуаны кейбір ауылдар сақтағанымен, кейбірі молданың айтқанына құлақ аспай, ішкі үйде әйелдер жылап-сықтап, сырттағы ер азаматтар марқұмды ақтық сапарға шығарып салу қамына кірісіп жатқанда, қарын нәпсісін ойлап, алыстан аспаз жалдап, қазан-қазан палау басып, түтін бұрқыратып жатады. Ең қиыны, «осылай емес пе еді?» деп […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Баланың тұсауын кім кесіп жүр?

Жаратушы Алла Тағала жер бетінде қанша ұлт жаратса, сонша салт бар екені бесенеден белгілі. Біздің айтайын дегеніміз бабадан балаға мұра болып жеткен, қазақ халқының өнегелі салт-дәстүрлерінің дүние дүрбелеңімен өзіміз танымастай өзгеріске ұшырауы. Алдымен қоғамда біраз пікірталас тудырған тұсаукесер дәстүрінен бастасақ. Қаз-қаз қадам басып жүруге талпынған бүлдіршіннің тұсауын кесуді ата-бабаларымыз бала өміріндегі алғашқы қуаныш тойларының бірі […]

Шымкент

Базардағы жастардың лигасы өтті

Естеріңізде болса, 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке NEET санатындағы жастар санын жылына кем дегенде 1 пайызға азайту және 2021 жылы 6 пайызға дейін төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды міндеттеген болатын. Яғни жастарды жұмыспен қамтып, білім беру жобаларына тартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауды тапсырған еді. Осыған орай, Шымкентте базар жастарының басын қосқан спорттық сайыс ұйымдастыру […]

Мәселе Шымкент

Судан қауіп келмес үшін…

Шымкентте биылғы көктем айларындағы жауын-шашыннан тұрғындарға қауіп төндірген, су жиналатын аймақ ретінде санаққа алынған 58 орын бар. Мамандар күзгі жауын-шашында тағы да зардап шекпес үшін ала жаздай сол орындарды жөндеу, қауіпті сейілту жұмыстарын жүргізді. Қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнатылуда. Сонымен қатар, қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 […]

Қоғам Шымкент

Тұрғындарды көшіру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында атап айтылғандай, еліміз бойынша 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі жаңа тұрғын үйлер салу бағытындағы тапсырмасын орындау Шымкентте де бастау алды. Ескі үй иелеріне жаңа үйден пәтер міндетті түрде беріледі. Мегаполистегі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы тапсырма негізінде өз жұмысын қарқынды түрде […]

Шымкент

Агросекторды дамытуға серпін берген семинар

Шымкент қаласындағы Алтынтөбе тұрғын алабында «Дала күні» деп аталатын көшпелі семинар өтті. Оған мегаполистегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері түегелге жуық қатысып, агросектордағы бірқатар мәселелерді талқыға салды. Саланы дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті. Шымкенттің кілең мықты мамандары жиналған, агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те арнайы барып қатысты. Ауыл […]

Басты жаңалықтар Қоғам

Бас жүлде Бекарыста!

Биыл фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына –165 жыл толып отыр. Осыған орай 11-12 тамыз күндері Павлодар облысы, Баянауылда «Алты Алашқа жайылып кеткен атым» республикалық ақындар айтысы өтті. Айтыстың алғашқы айналымы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде өтсе, мәре Ескелді алқабында жалғасқан. Дүбірлі доданы белгілі айтыскер ақын Аманжол […]

Шымкент

Жастарға рух сыйлаған фестиваль

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның […]

Мәселе

Төлебиде депутаттар сапасыз құрылысқа жол бермеуде

Ұзынарық ауылы Төлеби ауданының шалғайдағы ауылдарының бірі. Мұнда 1300-ден астам халық тұрады. Биыл осы ауылға су құбыры тартылып жатыр. Оған қазынадан 361 812 720 теңге бөлінген. Мұны аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Әйтсе де, құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарының көңілінен шықпай отыр. Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекенінің ақсақалдары Мұратәлі Жарасов, Еркінбай Айтбаев және ауыл […]

Әлеумет

Листериоз жүйкеңізді тоздырмасын десеңіз

Листериоз-жануарларда орталық жүйке жүйесі мен жыныс мүшелерінің қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Листериозға қой, ешкі, ірі қара мал, доңыз, жылқы, үй қояны, тауық, қаз, үйрек, күркетауық, т.б. жануарларының төлдері мен буаз аналықтары өте бейім. Ауру қоздырушы ауырған мал мен кеміргіштер арқылы тарайды. Қоздырушы сүт, сүрлемде сақталып қана қоймай, өсіп-өнеді. Аурудың сыртқы белгілері. Ағзаға азықпен, сумен енген листерийлер […]