Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНША СУБҰРҚАҚ БАР?

Шымкент жылдан-жылға ажары ашылып, келбеті көріктеніп келеді. Жұрт серуендейтін, саялайтын жерлер баршылық. Жазы аптап ыстық әрі ұзаққа созылатын Шымқалада субұрқақтардың көп болуы маңызды. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылық сезінуіне жақсы қызмет етуде. Жалпы, Шымкентте қанша субұрқақ бар? Біз осыған байланысты қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына хабарласқан едік. Төменде басқарма тарапынан келген жауапты назарларыңызға ұсынып […]

Біле жүріңіз

Шымкентте «фисташка» да өседі

Шымкенттің сауда нүктелерінде сатылатын «фисташка» жемісі жұртқа етене таныс. Осындай жеміс беретін ағашты «пісте ағашы» деп атайды. Білуімізше, пісте ағашының жемістері біз жаққа Ираннан, Түркиядан әкелінеді. Дегенмен ол өз елімізде, өз елімізде болғанда да Түркістан облысында ғана өседі екен. Бәйдібек ауданының Боралдайтау мен Дәубаба тау жоталарында, Түлкібас ауданының Пістелі ауылында кездеседі. Сирек кездесетін, жоғалып кету […]

Біле жүріңіз

Тал басында тұрып кебетін «курага»

Шымкенттің сауда нүктелерінде көктемгі ағаш көшеттерін сату науқаны аяқталып келеді. Диқандар қалған көшеттерді солтүстік өңірлерге жөнелтуде. Осы орайда бізге «Жабық базарда» көшет саудасымен айналысатын Ерлан есімді азаматпен (суретте) аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жұртқа пайдасы тиіп қалар деген ниетпен назарларыңызға екеуара әңгімемізді ұсынып отырмыз. Әңгімеміз тал басында тұрып пісетін өрік пен мейіз көшеттері туралы айтудан басталды. […]

Құқық

ОҚУШЫНЫ ТІЗЕРЛЕТУ ОҢДЫ ІС ПЕ?

Редакциямызға Жанар есімді азаматша хабарласып, жуырда Шымкенттегі №142 мектепте буллинг оқиғасы орын алғаны туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, жоғары сыныптың оқушылары белгісіз мақсатта өздерінен жасы кіші балаларды тізерлетіп отырғызып, кешірім сұратса керек. Бұл оқиға мектепке қойылған бейнекамера арқылы анықталған. Ресми деректерге сүйенсек, мегаполистегі №142 мектеп өткен оқу жылында Еңбекші ауданына қарасты «Жұлдыз» тұрғын алабында Президенттің […]

Шымкент

ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАП ТАСТАУ БАСТАЛДЫ

Шымкенттің «Отырар» шағынауданындағы қоқыс алаңшасы жаңартылды. Алаңша сырты абаттандырылып, гүлдер егілді. Бұрынғы ескі контейнерлер орнына жаңалары қойылды. «Жабық типтегі жерүсті қоқыс контейнерлері алаңшасы» деген ат иеленіп отырған жаңа алаңшаның бұрынғыдан бірқатар ерекшеліктері бар. Тұрғындар бұған біртіндеп үйреніп те жатыр. Үйрене алмастай күрделі ештеңесі де жоқ. Онда «Ксемакс» компаниясының түрлі түсті үш контейнері, «Глин Вилладж» компаниясының […]

Әлеумет

         «Сен салар да, мен салар…»

Апта басында Тұран ауданы «Құрсай» шағын ауданына қарасты Аршалы көшесінің тұрғыны Айдар Ермаханұлы «көшедегі құбыр жарылғандықтан су есептегіш құралдары орналасқан құдыққа су толғанын, тиісті орындарға хабарласқанымен ешкім келмей жатқанын, шұғыл жөндемесе етектегі үйлерге зақым келтіруі мүмкін екенін» айтып хабарласты. Айтқан мекен жайға жылдам жеттік. Есептегіш орналасқан құдық суға толған. Хабар берілгеніне 2-3 сағат болғанымен төтеншеліктер […]

Әлеумет

  Түн қатып тойханада жүр

             талай қазақ ұл-қызы «Қазақтың тойы бітпесін», «Жиған-тергенің тойға шашылсын», «Тойда жолығайық» деп тілек айтатын қазақтың тілегі қабыл болса керек, шынында да тойымыз біткен емес. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде. Күн сайын тойда жолығып, жиған-тергеніміз тойға шашылып жатыр. Бірақ, бүгінгі біздің айтпағымыз басқа. Сол күн сайын болатын тойда даяшы болып кімдер жүр? Қаншама тойға барып жүріп көретініміз […]

Мәдениет және өнер

ОЮ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Шымкенттегі «Хас шеберлер» қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен «Оюменен ой түйген» тақырыбында көрме өтті. Онда ою-өрнек түрлері және олардың қазіргі кездегі дұрыс қолданылуы жөнінде айтылды. Бұл жиында Күләш Айдарбекова, Ақмарал Жаңатайқызы және басқа да шеберлер өздерінің қолөнер бұйымдарына салып жүрген оюлары жөнінде әңгімелеп берді, киімге, кимешекке, төсеніштерге оюды қалай түсіру керектігін түсіндірді. Көрме […]

Мәдениет және өнер

БАТЫРХАННЫҢ БАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Сегіз қырлы, бір сырлы. Қазақтың осы бір теңеу сөзін жерлесіміз, ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Оңтүстікфильм» студиясының директоры Батырхан Дәуренбекке арнап та айтуға болады. «Қошқар мен Теке», «Томпақ», «Қалқанқұлақ», «Қажымұқан», «Толағай», «Қазақ Елі», «әл-Фараби», «Төле би» сияқты көптеген танымал анимациялық, деректі, қысқаметражды және толықметражды фильмдер түсірген белгілі режиссер, сценарист, суретші, дизайнер. Батырхан Қалдарбекұлының оған […]

Uncategorized Басты жаңалықтар

ӘМБЕБАП ДЕПОЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

Шымкентте алғашқы болып Қазақстанда баламасы жоқ өрт өндіру бекеттері іске қосылды. Құрамына өрт сөндіру, медицина және полиция қызметтері кіретін әмбебап кешендер қаланың «Елтай» және «Таскен» шағын аудандарында бой көтерді. Әмбебап өрт сөндіру кешендерінің ашылу салтанатына Астанадан Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы келіп қатысты. Салтанатты іс-шараға сондай-ақ қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау саласының ардагерлері, […]