Басты жаңалықтар Мәселе

«Махажанов бізді мүлдем естімейді»

Кентаулықтар Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекеті қайда қалды?» деп ашынады. Кеңестік дәуірде гүлденіп, көрікті қалаға айналған Кентаудан еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары тұрғындар жаппай көшті. Үйлердің көбі қаңырап бос қалған «Қаратау тәжінің» бағы тайып, болашағы жоқ қалалар қатарына қосылды. Мемлекеттен көрсетілген қолдау-көмектің нәтижесінде Кентаудың екінші тынысы ашылды.   Қазір Кентау Түркістан облысының орталығына ең […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Перзентханада қандала қайдан жүр?

Өткен апта соңында «Сайрам аудандық орталық ауруханасына» қарасты перзентханада оқыс оқиға орын алды. Бізге жаңа босанған аналардың бірін кене шақты деген мәлімет жеткен болатын. Перзентхана ең таза жер болуы тиіс. Ал онда жұқпалы ауру тарататын кене қайдан жүр деп ойладық. Осы ақпараттың қаншалықты рас-өтірік екеніне көз жеткізу үшін біз сол ауруханада жатқан Әсел есімді келіншекке […]

Басты жаңалықтар Мәселе

«Ертең жанады» деген жарық әлі берілмей отыр

«Өзге пікір» газеті өткен нөмірлерінің бірінде «Қара түнекте қалған ауылдар… Ержігіт Шәріпбеков жағдайды толық білмейтін секілді», – деген тақырыппен Бәйдібек ауданының көптеген ауылдары жарықсыз қалғанын өзекті мәселе етіп көтерген болатын. Біз хабарласқанда аудан басшысы Ержігіт Шәріпбекұлы «Жұмыс атқарылып жатыр. Жағдай бақылауда. Ағыбетте ертең жарық жанады деп жоспарлап отырмыз», – деген болатын. Содан бері екі апта […]

Басты жаңалықтар Мәселе

«Журналистерді ұрып-соғуды доғарыңдар!»

Генералдың кешірім сұрауы қызметкерлерін жауапкершіліктен құтқармауы тиіс Аптаның алғашқы күні шымкенттік журналистер үшін бұрынғыдан өзгерек басталды. Дәлірек айтқанда, сол күні таңертең қалалық Полиция департаментінің алдына «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Бахрам Талибжанов, 31 арнаның тілшісі Бахрам Абдуллаев және «КТК» телеарнасының тілшісі Бек Әбиев «Журналистерді ұрғып соғуды доғарыңдар» деп жазылған плакат ұстап келіп, тәртіп сақшыларының әрекетіне наразылығын […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Арыста жарылыс салдары неге әлі күнге толық жойылмай отыр?

Арыстағы жарылысқа байланысты сол кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі оқиға орнына арнайы келіп, жағдаймен танысып, зардап шеккен барлық азаматтарға, яғни жеке тұрғын үйлерден бастап, барлық әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды қалпына келтіру бойынша көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Премьер-министр Асқар Маминнің өзі бірнеше рет жарылыстан зардап шеккен қалаға барып, құрылыс барысын бақылады. Ал […]

Мәселе

Бермуд үштағаны…

Немесе жолға бөлінген қаражат қайда жоғалады? Бермуд үштағаны жайлы естіген боларсыздар. Естімегендер болса еске түсірейік. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы жалғайтын үшбұрышты мүйіс — Бермуд үштағаны деп аталады. Тылсымы сол, бұл үштағаннан өткен көптеген алып кемелер, тіпті ұшақтар жиі-жиі із-түссіз жоғалып кетіп отырады. Оның құпиясын ашуға ниеттенген қаншама ғалымдардың еңбегі әзірге нәтиже берер […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Қара түнекте қалған ауылдар…

  Ержігіт Шәріпбеков жағдайды толық білмейтін секілді Түркістан облысында болған дүлей бораннан, әсіресе, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандары мен Кентау қаласы қатты зардап шекті. Содан бері екі аптаға жуық уақыт өтсе де төтенше жағдай салдары толықтай жойылған жоқ. Әлі күнге дейін жарықсыз, қара түнекте отырған ауылдар көп. Көктем шықты дегенімізбен, оңтүстікте әлі күн суық. Пандемияның кезінде суық […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Кентау тағы тоңды

Ал басшылық сөзден жаңылуда Биылғы қыс ерекше болып тұр. Әдетте бұл уақытта бәйшешек шығып, өрік гүлдеп кететін оңтүстікте көктемнің алғашқы айы ортасына келгеніне қарамастан қарлы боран соғып, әбігерге салды. Қазақта «Қыстың қамын жаз ойла» деген сөз бар. Бұл қағидадан ауытқымағандар бүгінде қыс шанасын жазда сайлап, қамсыз отыр. Ал, жоғарыдағы ережені ұмытып, жаз бойы  арқаны кеңге […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шолаққорғанды су басу қаупі бар ма?

Сауалды неге бұлай төтесінен қойып отырмыз? Себебі, жуырда ғана Созақ ауданының орталығы – Шолаққорғанның іргесіндегі Жеткіншек елді мекенін су жайлаған. Ол қайдан келген су? Жергілікті тұрғындар бұл судың қайдан келгені жайлы әртүрлі пікір айтады. Бірі жер асты суының көтерілуінен десе, енді бірі кәсіпкерлердің жер қазып, тас алу салдарынан бұлақ суы ағатын жүйенің бұзылуынан көреді. Тасы […]

Мәселе

Қыл көпір…

Шаяндағы көпір оқушылар өміріне қауіпті Жуырда жеке жұмыстармен Шаян ауылына жолымыз түсті. Біз барған үйдің иесі қонақ екенімізге қарамастан, «тамақ дайын болғанша бір жерлерді көрсетіп келейін» деп қолқа салған соң, амалсыз соңынан ердік. Шындығында ол кісінің көрсеткеніне қарап, өзіміз таң қалдық. Сол сәтте «бұл аудан мен ауылда басшы бар ма?» деген сауал еріксіз санамызды сығалады. […]