Әлеумет Басты жаңалықтар

Баланы қатыгездікке тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?

Таяуда Сайрам ауданында бір жеткіншек қыздың құқық қорғау орындарына өз анасының үстінен шағымданғаны жөнінде естідік. Ата-анасы ажырасып, бала анасы жағында қалған болса керек. Қыз анасын «жағдайымызға қарамайды» деп кінәлаған көрінеді. Осы шағым негізінде жұмыс істегендер қызды арнайы интернатқа орналастыруды ұйғарған. Осылайша, әлгі жеткіншек қыз өзінің жағдайды қалай артық қыламын деп тыртық қылып алғанын аңғармай да […]

Білім, ғылым

Білім мен саяхат үндестігі

Cайрам ауданындағы «Ухуд» және Кемел Тоқаев атындағы жеке мектептерінің өткен оқу жылындағы 76 түлегінің 52-сі түрлі грант иегері атанып, Сайрам ауданында жоғары көрсеткішке ие болды. Бұл жетістікке қол жеткізуде аталған мектеп басшылығы оқушылардың оқу үлгерімін көтеретін түрлі ізгі амалдар жасауда. Соның бірі — оқушыларға түрлі тосын сыйлар жасау арқылы үздік оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

Құмырсқа туралы қызықтар

Құдайдың құдіреті шексіз. Оны өз өлшемімізбен тану үшін қоршаған ортаны, соның ішінде жәндіктердің тіршілігіне үңілсеңіз таңқалдыратын әрі ой салатын жайлар өте көп. Мысалы, белгілі бір тәртіппен сап түзеп, ертеден кешке дейін илеуіне азық тасумен болатын құмырсқаларға қараңызшы. Оларда қазір қызу еңбектің кезі, қысқа дайындалуда. Денесі шыны сияқты сынады… Бұл ғажайып жәндік жайында қасиетті кітабымыз Құранда […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Қауіпті болдырмауға қазірден қамданыңыз!

Күз келіп, күн салқындай бастаған сайын жылыту маусымына дайындық мәселесі де өзекті бола түседі. Жылы үй – әр отбасы үшін жайлылықтың белгісі. Алайда жылу беру кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау өртке, улы түтін мен көмірқышқыл газынан улануға және басқа да төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Сауран ауданының тұрғындарын жылыту маусымына жауапкершілікпен қарап, қажетті сақтық […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Алғашқы қоңырау күнгі мектептегі төбелес

оқушылар емес, ұстаздар мен ата-аналар арасында болды Еліміздегі барлық білім ошақтарында 1-қыркүйек – мереке. Бұл күні білім, тәлім алуға келген оқушылардың жүздері бал-бұл жайна, жаңа оқу жылына жаңаша көңіл-күймен кіріседі. Өкінішке қарай, мұндай көрініс барлық жерде байқала бермейді екен. Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты Т.Тәжібаев атындағы мектепте бұл күні қуана қауышу емес, ызалана жағаға жармасу […]

Uncategorized Біле жүріңіз

КҮЗ ШУАҒЫ – МИЗАМ КЕЛДІ

Күздің алғашқы айы да келіп жетті. Бұл маусымның өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Соның бірі – мизам шуағы кезеңі. Мизам шуағы – күздегі алғашқы түскен суықтан кейінгі келетін жылы кезең. Бұл кезде атмосферадағы жылы ауа ағысы шуақты күндер орнатады. Осы шақта ауада түтілген мақтаның үзігі сияқты жылтыраған ақ түсті, сағым сияқты жіңішке жіптер пайда болып, ұшып бара […]

Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

Қазақ руханияты мен мәдениетін жаңғыртқантұлға

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына – 95 жыл Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің атқарған қызметтері, еткен еңбектері турасында замандастарының, шәкірттерінің, мемлекет қайраткерлерінің, қызметтестерінің жазған естеліктерінен оның қазақ өнерінің нағыз жанашыры, халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрінің жаңғыртушысы болғандығын біле аламыз. Сол естеліктерде айтылған мына теңеулер «Киелі адам» (Ш.Мұртаза), «Ұлттың ұстазы» (М.Әлиев), «Рух сардары» (Ә.Кекілбаев), «Тазалықтың, […]

Uncategorized Біле жүріңіз

Майтабандар неге көбейіп жатыр?

Кезекті оқу жылы да басталып кетті. Көшелерден, қоғамдық көліктерден балалар жиірек көзге шалынуда. Осы орайда ата-аналарға мынадай бір мәселеге мұқият назар аударуды ұсынған болар едік: бүгінде дене сымбаты ебедейсіз қалыптасқан, майтабан балалар көбейіп келе жатқан сияқты. Мұндай балақайлардың көбейгенін елдегі ортопедтердің берген статистикасынан да аңғаруға болады. Олардың есебінше, майтабандық белгілері қазіргі балалардың 70 пайыздайынан байқалады […]

Басты жаңалықтар Экономика

КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС

Түлкібас ауданында инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Асқар Естібаев төрағалық етті. Штаб отырысына аудан прокуроры Ескендір Бекманов, аудандық полиция бөлімінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бөлім басшылары және бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Онда кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мәселелері талқыланды. Ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың […]

Әлеумет

ЖӘНДІК ТЕ – ЖЕҢСІК АС…

Түрлі салалардағы зерттеулерге қатысты материалдарды жариялайтын «Сайенс-Дейли» (ScienceDaily) сайтында қызық жаңалық шықты. Онда Барселонадағы эволюциялық биология институтының ғалымдары ежелгі замандарда өмір сүрген жүздеген адамның тіс тасына зерттеу жүргізгені жөнінде айтылады. Зерттеу тақырыбы – адамдардың жәндікпен азықтануы мәселесі. Жәндіктерді азыққа пайдалану қазір де бірқатар Еуразия, Африка, Австралия, Америка елдерінде бар. Ғылымда бұл «этномофагия» деп аталады. Барселона […]